«Таза Отан» - бұл біздің әрқайсымыз тұра алатын ел. Бұл елдің азаматы болуы оңай: ол үшін Жарғымен танысу, беттің төменгі жағында азаматтық алып, Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру қажет.
«Таза Отан» елінің конституциясы
«Таза Отан» азаматтарының жарғысы
1.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны таза елде тұруға құқылы.
2.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны өзі қалаған жерде – тауда, далада, өзеннің, сарқыраманың жанында, алаңқайда, саябақта демалуға құқылы.
3.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны таза елде бала өсіруге құқылы.
4.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны таза ауа жұтуға, таза су ішуге құқылы.
5.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны адамдардан қоршаған ортаның тазалығын сақтауды талап етуге құқылы.
6.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны өзі таңдаған кез келген жерді – үйді, ауылды, қаланы, мемлекетті, бау-бақшаны, т.б. өз Отаны деп санауға құқылы.
7.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны қоқыс жинау, көгалдандыру сияқты тағы да басқа кез келген қол жетімді әдіспен өз Отанының экологиясын жақсартуға құқылы.
8.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны өз үйін таза ұстауға міндетті.
9.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысын жинауға міндетті.
10.«Таза Отанның» әрбір тұрғыны тым болмағанда бір балаға (өзінің немесе басқаның) «Таза Отан» елінің конституциясы туралы айтуға міндетті.
Тыйымдар:
1.Бір де бір адам табиғатқа қиянат жасауға құқықсыз.
2.Бір де бір адам табиғатта, тауда, көшеде немесе өзі жүрген кез келген басқа жерде қоқыс тастауға құқықсыз.